Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт толығымен ауыздықталды
Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Катонқарағай ұлттық табиғи саябағы" РММ Ақсу филиалының аумағындағы өрт Катонқарағай ауданы Сенное ауылынан үш шақырым жерде жойылды. 19 маусымда сағат 12: 00-де 15 гектар алқапта өрт ауыздықталды", – деп хабарлады облыстық ТЖД.
Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт 17 маусымда басталды. Қол жетпейтін таулы жерлерде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп кетті.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды