Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатын болмайды": Әнші Наркенже Серікбаева бірінші күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Белгілі әнші Наркенже Серікбаева “Менің өмірім” бағдарламасында бірінші некесінің сәтсіз аяқталуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Өнер иесі өзінің ерте тұрмысқа шыққанын айтты. 

"Тағдыр ғой ол. 17 жасар қызбын. Ақыл тоқтатпаған... Екі жақ бірдей демеп отырса, қазіргі жастар да ажыраспас. Мен өте ерке болдым. Он бірдің кенжесі, әкемнің қызы болғанмын. Анам бір-ақ рет ұрған. Онда да ұршығының жібін үзіп тастаған кезде. Әпкелерім, ағаларым ұрмаған. Еркелік қой таза... Ол жақ та демеп: "Ол саған қатын болмайды" дегеннен гөрі, қосып жіберсе, тағдыр басқа болар еді. Менің бір жақсы қасиетім бар. Артқа үңілмеймін. Бәрі менің алдымда", – дейді Наркенже Серікбаева.

Әншінің айтуынша, қазіргі күйеуін Құдайдан сұрап алған.

“Қазіргі жолдасым Аллаға шүкір. Мен шынымен Алладан сұрадым. "Жақсы ер азамат сыйлашы. Мүмкін, аманатыңа қиянат жасап жүрген шығармын. Бір ер азамат сыйлашы, алақаныма салып көрейін" дедім. Мүлдем ұрсыспаймын деп айта алмаймын, кейде болады”, – дейді өнер иесі. 

Талқылау