Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікпен күрес: Ғалымдар "әмбебап жолды" тапты

Ғалымдар қатерлі ісікпен күрестің әмбебап әдісін тапты. Бұл әдіс - адамның сау жасушаларға тиіспестен қатерлі ісік жасушаларымен дербес күресу үшін иммундық жүйесін бағдарламалау.

 

Кардифф университетінің ғалымдар тобының ашқан жаңалығы дәрігерлерге адамның иммундық жүйесін рак клеткаларына қарсы «түзетуге» мүмкіндік береді. Бұл онкологиялық аурудың әмбебап еміне есік ашуы мүмкін. Бұл әдіс әлі клиникалық сынақтан өтпеген, бірақ зерттеушілер оның үлкен әлеуеті бар дейді. Жұмыстың қысқаша мазмұны Nature иммунология журналында жарияланды.

Зерттеудің мәні иммундық жүйенің қатерлі ісікпен күресетін «ерекше» әдістерін іздеу болды. Ғалымдар Т-лимфоциттің ерекше түрін - адам ағзасындағы иммундық жүйеге жауап беретін жасушаны анықтап алды. Алайда ғалымдар тапқан жасуша, басқалардан айырмашылығы, түрлі қауіптерге төтеп бере алады. Бұл барлық науқастарды емдей алатындай мүмкіндік бар. Бұрын бұл мүмкін емес еді.

Т-лимфоциттердің (немесе Т-жасушалардың) бетінде химиялық рецепторлар бар, олар ағзада қауіпті антигендерді анықтайды. Ғалымдар тобы рак клеткаларының көптеген түрлеріне шабуыл жасайтын Т-лимфоциттердің түрін табудың жолын таба білді. Бұл әдіс өкпе, қан қатерлі ісігі, ішек, сүт безі, сүйек, қабыну, аналық без бен жатыр мойны жасушаларында сыналды. Лимфоцит рак клеткаларын жойып, сау жасушаларға қол тигізбеді. Т-лимфоцит рак клеткаларын сау жасушалардан қалай ажырататыны әлі белгісіз. Оның рецепторы адам денесіндегі әрбір жасушаның бетінде орналасқан MR1 деп аталатын молекуламен әрекеттеседі.


Қытай ғалымдары: Пияз қатерлі дерттің алдын алады

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын Қазақстанның Орнықтылық қоры жүзеге асырады

«Баспана» ипотекалық ұйымы мен Қазақстанның Орнықтылық қоры біріккен болатын.

"Между мной и тобой" хитінің орындаушысы трансгендер әйелге айналды

90-шы жылдардың жарық жұлдызы Оскар өз-өзін тауып, трансгендер әйелге айналды

Телефон қуаттағышты тістеген 6 айлық нәресте өлім аузынан қалды

Бала ұйқыдан оянып, төсектің жанындағы қуаттағыш сымына жалғанған ұялы телефонмен ойнай бастаған

"Бізге вирус әкеле жатыр": Қытайдан эвакуацияланған украиндар автобустарына шабуыл жасалды

Новые Санжары ауылының тұрғындары Қытайдан эвакуацияланған украиндықтарға қатысты наразылықтарын білдірді

Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Боксшы, тіпті, Геннадий Головкинге жекпе-жекті өткізетін күнді ұсынды

Татар қызына ән арнады: Димаштың ерекше ықыласына бөленген қыз кім?

Қыздың есімі - Лейсан Сейтназарова

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр