Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қателескендерін айтқан: Отбасы жаңа туған нәрестені тірідей жерлеп тастаған

Қытайдың Лайу қаласында тұратын отбасы қателікпен нәрестені тірідей жерлеп тастаған. Абырой болғанда, жергілікті тұрғындар нәрестені құтқарып қалды. Олар жердің астынан әлдененің біртүрлі дауысын естіпті.

Қателескендерін айтқан: Отбасы жаңа туған нәрестені тірідей жерлеп тастаған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

21 тамызда Нанбаита аулының тұрғындары Цзяо Синлу мен Чжоу Шандун тауда саңырауқұлақ теріп жүріп, нәрестенің қабірін көріпті. Осы кезде олар жердің астынан иттің үргеніне ұқсас дауыс естіген. Сол жерге олардың достары мен туыстары келгенде, олар жердің астында нәресте жатыр деп күдіктеніп, қазуға кіріседі. 

Ксинглу қолымен жерді қазып, картон қорапты алып шығады. Оның ішінде ұл бала жатқан екен. 

Баланы тауып алғандар жаңа туған нәрестені бірден ауруханаға алып барды. Салмағы небәрі 1,5 келі болған нәресте қаназдық пен сары аурудан зардап шеккен. Десе де оның бойында туа біткен дерті болмапты. 

Қазіргі уақытта нәресте 2 айлық. Оның салмағы 4 келіге жетіп, денсаулығы жақсарды.

Жергілікті полиция баланың отбасына іздеу жариялағанда, бөлімшеге ер адам келіп, өзін тірідей жерленген нәрестенің атасымын деп таныстырады.

Айтуынша, ұл бала өкпенің ауыр инфекциясымен туылған. Сондықтан еміп, су іше алмаған нәрестені жасанды тыныстандыру құрылғысына қосқан. Алайда ертесі күні «шетінеп кетіп», отбасы оны жерлеген көрінеді. Қарияның сөзінше, нәрестенің сау туылған егіз сыңары бар екен. 

Қазіргі уақытта полицейлер қарияның сөзінің рас-өтірігін тексеріп, тергеу жүргізіп жатыр. 

Ал ауруханаға жеткізілген нәрестені қараған дәрігер оны асырап алғысы келетінін айтқан. Алайда баланың атасы табылғаннан кейін, ендігі оның кіммен қалатыны белгісіз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда 16 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Соңғы рет студент қыз ауылына әкесіне баратынын айтқан

Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Телехикаяны жұмыс күндері сағат 22:05-те "Жетінші арнадан" көріңіздер!

"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалық туралы (видео)

Лолита: Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін

Стати Нью-Йоркте Қазақстанға қарсы шағымын қайтарып алды

Стати бұл шағымын 2017 жылдың маусым айында берген

"Өлтіріп кетер еді": БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ жаудырды

Қорықшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақша аударымдары үшін салық өндіріле ме? Қаржы министрі жауап берді

Әлихан Смайылов қазақстандықтардың қолма-қол емес ақша аударымдары туралы түсінік берді

Қазақстандық рак ауруына шалдыққан адамдарға арналған дәрі-дәрімектер Ресейде сатылымда жүр

Бұл жағдайдың тексерілуін денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алыпты

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Тоқаев: Халықтың табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыз жоққа шығарылады

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды
Çàãðóçêà...