Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатаң жазаланады: Тоқаев тәртіп сақшыларына тағы да ескерту жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларына Қазақстанда адал бизнеспен айналысытатын кәсіпкерлермен емес алаяқтармен күресу керектігін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

"Мен қазір құқық қорғау органдарының жұмысына шағымдар түсіп жатқанын білемін - тәртіпті қалпына келтіру барысында олар ескі әдіспен жұмыс істеп,  адал кәсіпкерлерге зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан мен “орманды жоямыз деп, барлық ағашты кесіп тастау” деген қағида болмауы тиіс. Егер мұндай фактілер анықталса, әрбір нақты жағдай бойынша арнайы тексеру шаралары жүргізіліп, білікті баға беріледі", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы 2019 жылғы халыққа Жолдауында кәсіпкерлікке заңсыз кедергі жасауды мемлекет мүддесіне қарсы қылмыс деп санау керектігін айтқан сөзін еске алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы адал кәсіпкерлікке заңсыз қысым жасағаны үшін құқық қорғау және бақылаушы органдардың өкілдері қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Талқылау