Каспийде әйел адам суға батып кете жаздады (видео)
Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында суға бата жаздаған әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

29 қаңтар күні сағат 15:51-де кезекші пультіне хабар түсті. Әйел сол кезде теңіздің түбіне қарай бата жаздады.
“Ақтау құтқарушылары кезекшілікте болғандықтан, олар жеті минутта жетті. Сүңгуір-құтқарушы әйелді 8 метр биіктіктен секіріп құтқарды”, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқару операциясына төрт құтқарушы қатысты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетуде.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды