Каспий жағалауынан алып балық тауып алған маңғыстаулық 7 жылға сотталды
Маңғыстау облысының тұрғыны Каспий теңізі жағалауынан жалпы салмағы 220 келі болатын бекіре балығын тауып, өзіне алғаны үшін сотталды. Жергілікті басылымның хабарлауынша, 2021 жылдың 3 тамызында Түпқараған ауданында болған.
Ер адам теңіз жағалауынан салмағы 219 келі 300 грамм болатын бекіре балығын тауып, өз үйіне алып кеткен.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 339 бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Үстіне үтік басқан: Азамат Батырбаевты азаптау дерегі бойынша күдікті қамауға алынды
Сондай-ақ, сотталушының мүркі тәркіленіп, үш жылға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе қандай да бір қызметке отыруына тыйым салды.
Үкім заңдық күшіне енген жоқ.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған