Үстіне үтік басқан: Азамат Батырбаевты азаптау дерегі бойынша күдікті қамауға алынды
Талдықорғанда Н.Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп айыпталған Азамат Батырбаевтың уақытша ұстау изоляторында аяусыз соққыға жығылғаны белгілі болған еді. 37 жастағы Азаматты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал 1 наурызда Азаматтың адвокаты күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов бұл туралы өз Facebook парақшасында жазды.
"Өкінішке орай қамауға алынғандар жайлы толық айта алмаймын. Мен Азамат Батырбаев сенім артатын адам ретінде оның қызығушылықтары толығымен қорғалып, жүзеге асқанын қалаймын", – деп жазды қорғаушы.
Айта кетейік, Азамат Батырбаевтың изоляторда азапталғаны жөнінде қорғаушысы айтқан еді. Оның сөзінше, полицейлер Батырбаевқа 10 қаңтарда дене жарақаттарын келтірген.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады