Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінді
Сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақытымен 00:09-да Каспий теңізі маңындағы жерасты дүмпулерін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Скриншот Google Карта
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы – 4,4", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелгені туралы жаздық. Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды