Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі ЖОО ұстаздарының жалақысын көтеруге уәде берді

Білім министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім беретін мұғалімдердің жалақыларын көтеру керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізге білікті маман дайындауда жоғарғы оқу орынының мұғалімдерінің алатын орны зор екенін ескерген Аймағамбетов ЖОО ұстаздарының жалақысын арттыру мәселесін қозғады. 

"2019 жылдың қыркүйегінде ректорларға жалақыны ішкі резервтер мен әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен 25%-ға арттыру туралы тапсырма берген болатынмын. Ал биыл президенттің қолдауымен бюджеттен қаржы бөлінді. Соған сәйкес 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру грантының құны артып, оқытушылардың еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік берді", - дейді министр. 



Сонымен қатар, бұл оқу орындарының ісіне араласу емес, ұстаздардың еңбегін бағалау екенін жеткізді ол. 

"1 қыркүйектен бастап орта есеппен ұлттық жоғары оқу орындарында жалақы көлемі 28%-ға, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында - 20%-ға өсті. Әрине, біз мұнымен ғана шектелмей, осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз. Осы ретте, министрлік бір жағынан жоғары оқу орындарына қаржылық дербестік беріп, екінші жағынан олардың ішкі жұмыстарына араласып отыр деген сыни пікірлерді де естимін. Мен бұл пікірмен келіспеймін", - дейді Аймағамбетов. 

Еске салсақ, осыған дейін президент дәрігерлер мен жаттықтырушылардың жалақысы неше есеге өсетінін айтқан болатын. 

Талқылау