Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басшы 100 мың теңге алады: "Талдықорғанжылусервис" қызметкерлері жалақысының аз екенін айтып шағымданды

Талдықорғандағы қазандық қызметкерлері редакциямызға жалақыларының аз екенін айтып, биліктің назар аударуын сұрап шағымданды. 

Белгілі болғандай "Талдықорғанжылусервис" қызметкерлерінің жалақысы қаладағы орташа жалақы мөлшерінен екі есеге аз. 

"Жылу беру маусымы басталғалы бері біз жұмыста "өмір сүріп" келеміз. Өте аз жалақыға жұмыс жасаймыз. Бір қызметкердің жалақысы барлық салық пен төлемдерді есептегенде 70 мыңнан 90 мыңға дейін. Адамдардың өміріне тікелей жауапты қазандық басшысы қолына 100 мың теңге жалақы алады. Келесі жылы жалақыны 30%-ға көтеруге уәде беріп отыр. Бірақ соның өзінде жалақымыз төмен болады", - дейді қызметкерлер.

Олар Талдықорғанда орташа жалақы 170 мың теңгеден асады деп жазады.

"Неліктен біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне есеп беретін коммуналдық кәсіпорында жұмыс істесек те, 2 есе аз аламыз? Әкім қайда қарап отыр? Неліктен әкімдік монополиялық компанияның қызметіне кедергі жасамайды?" - дейді олар. 

Біз "Талдықорғантеплосервис" қызметкерлерінің жалақысын білмек болып, қалалық әкімшілікке жүгіндік. Әкімдік кәсіпорындағы орташа жалақы небәрі 91 450 теңгені құрайтынын растады. Сонымен бірге, Статистика агенттігінің сайтында Алматы облысында орташа жалақы 2020 жылдың үшінші тоқсанында 162 185-ке жетті деп көрсетілген. 2020 жылы "Талдықорғанжылусервистің" жалпы бюджеті 3 321 715 000 құрады, оның ішінде компания жалақы төлеуге 28% -дан аз жұмсады - 927. Қазір коммуналдық кәсіпорында 845 адам жұмыс істейді.

Талқылау