Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге төлейді
Kaspi Bank банкке басып кіріп ақша алып кеткен ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 000 000 теңге төлейтінін мәлімдеді. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға 22 тамыз күні Талғар қаласында болған еді. Шатыр арқылы басып кірген екі ұры, қызметкердің аяғын байлап, кассадағы ірі көлемдегі қаражатты жымқырып кеткен.
Ұрылар туралы білген адам мәліметті банктың қауіпсіздік нөміріне хабарласып айта алады: +7 747 388 29 34.
Алдын ала мәліметтер бойынша ұрылар 75 мың доллар, 36 миллион теңге, 120 мың рубль және 3 мың евроны алып кеткен.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді