Алматы облысында қасқырларды өлтіріп, терісін сатумен күн көріп жүргендер жұрттың наразылығын тудырды
Алматы облысында қасқырларды өлтіріп, терілерін сатумен күн көріп жүргендер жұрттың наразылығын тудырды. Зооқорғаушылар әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде терілер мен қасқырлардың сатылып жатқан хабарламасын көріп, сол мекенжайға аттанған.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Зооқорғаушылар жер үйге келген бетте шошыған. Айналада қоқыс пакеттеріне салынған өлікселері шашылып жатқан. Волонтерлер оның бірін болса да аман алып қалу үшін оны 140 мың теңгеге сатып алыпты. Кадрлардан әбден қорыққанын көруге болады.
Белгілісі, қасқырды өлтіріп, оларды сатумен айналысқан адамда бұған еш рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Олардың тек тері саудасымен ғана айналысуға құқығы болған. Қазір аталған оқиғаға қатысты полицейлер тергеу амалдарын жүргізуде. Кінәлілер заң алдында жасаған әрекеттері үшін жауап беретін болады.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады