Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кәсіпорынның хәлі мүшкіл": Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытына қатысты шындықты айтты

Танымал кәсіпкер, бизнесмен Тұрсен Алагөзов жақында өзі басшылық қызметке тағайындалған Шымкент сыра зауытының жай-күйін баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сұхбаттан скриншот

Forbes Kazakhstan арнасына берген сұхбатында жаңа кәсіпті иеленген бизнесмен шындықты жайып салды. 

“Біз Шымкент сыра зауытын Төлешовтен сатып алған жоқпыз. Мен оны жеке танымаймын. Біз кәсіпорынды өте аянышты күйінде алдық. Кәсіпорын мүшкіл хәлде тұр. Зауытта мен қандай жағдай болғанын білмеймін, бірақ лицензиялары жоғалып кеткен. Соның кесірінен өндіріс тоқтап қалған. Екі жылда сауда нүктелерінде өнім болмағандықтан, бизнес құлдырады. Бізге жүктелген міндет – қайта құрумен қарқынды айналысу”, – деп бастады әңгімесін бизнесмен. 



Кәсіпкердің сөзіне сенсек, сыра зауытына иелік ететіні ақпан айында белгілі болған.

“2024 жылдың ақпан айында келісімге келіп, Шымкент қаласына ұшып бардым. Зауыттың ішін аралап, бәрін көзбен көрдім. 1970 жылы чехословакиялық мамандардың араласуымен салынған нысан екен. Онда әйгілі “Шымкент сырасы” шығарылады. Көзбен көргеннен кейін, кәсіпорынды аяғына тұрғыза алатыныма сенімді болдым. Қарызы бар екенін де білдім. Қарыз – даулы мәселе. Кәсіпорын бір меншік иесінен екінші немесе үшінші иеленушіге өткенде салықтар, қарыздар, банк алдындағы қарыздар, тағы басқа да қарыздар болды. Олардың барлығы сот актілерінде “өтірік” көрсетіліп, жазыла береді. Егер мен қазір бірдеңені қате айтсам, адамдарды адастырып жатқан сияқтымын. Сондықтан құпия ұстағанды жөн көріп отырмын. Зауыттың өткенін қозғай бергеннен ештеңе өзгермейді. Дәл қазір шетелдерден маман алдырып, сыра қайнату әдісін жандандырғым келеді. Екі жылда зауыт аяғынан тұрып, жаңа технологиямен жабдықталады. Оған 5 миллиард теңгедей жұмсалмақ. Одан кейін бүкіл кәріз құбырлары мен сымдарды ауыстырып, еденді жаңаламақпыз. Оның да бюджеті 10 миллиард теңгеге бағаланып тұр”, – деп жауап берді кәсіпкер. 

Айта кетейік, Шымкент сыра зауытынан бөлек Тұрсен Алагөзовтың иелігінде тағы сегіз компания бар екенін жазған едік. 

Талқылау