Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлерге онлайн кепілсіз несие: Bereke Bank қаржылық табысқа жетудің қарапайым қадамдарын ұсынады

Жеке кәсіпкерлер әрқашан өздерінің шағын немесе орта бизнесі үшін қаржылық қолдаудың ыңғайлы әрі жылдам жолдарын іздейді. Бүгін Stan.kz қуанышты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып бөліспек, яғни Bereke Bank-тің кәсіпкерлерге арналған жаңа онлайн несие алу бағдарламасын ұсынып, оны алу қадамдарын көрсетеді.

Енді Bereke Bank-тің B-Business мобильдік қосымшасы арқылы 5 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Қарыз 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Алғашқы қадам: Несиені рәсімдеуге дайындық

Bereke Bank-тен жеке кәсіпкер үшін кепілсіз несие алудың алғашқы қадамы – B-Business мобильді қосымшасын жүктеу және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану. Бұл деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, несиені рәсімдеу процесін одан да тиімді етеді.

Екінші қадам: Несиеге өтініш беру

Несиеге өтініш беру үшін Bereke Bank кірістерді растауды немесе кепілмен қамтамасыз етуді қажет етпей, процесстен бірнеше қадамды қысқартады. Яғни сіз несиені қайтару қабілетіңізді тексеретін қосымша қағаздар жинамастан, төлем қабілетіңізге күмән келтірместен рәсімдей аласыз. Несие бергені үшін және мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл төлемдері жоқ. Осындай жеңілдіктердің арқасында банк алдындағы міндеттемелерді емес, өз бизнесіңізді дамытуды жоспарлай аласыз.

Үшінші қадам: Қаражат алу және жеке бизнесті дамыту

Сіздің несие алуға берген өтініміңіз мақұлданған кезде, сіз бірден соңғы қадамға жетесіз. Банктің қарыз алу шартына қол қою. Осыдан кейін ағымдағы шотыңызға сіз сұраған қаражат бірден аударылады. Ол қаражатты алу үшін банк филиалына барудың қажеті жоқ. Bereke Bank процесті сіз үшін мүмкіндігінше ыңғайлы және қолжетімді етуге тырысады.

Bereke Bank ұсынған жаңа несие шарттарының ең басты артықшылықтары:

  • Несиелендіру сомасы 5 000 000 теңгеге дейін. Бизнесті дамыту үшін қажетті қаржыландыруды алуға мүмкіндік береді.
  • Несие мерзімі – 36 айға дейін.  Бұл сізге несиені өтеуге көп уақыт беру арқылы осы мерзімде бизнесті жолға қойып алуға қосымша жәрдемдеседі.
  • Қажетті қаражатты тез алу үшін банктің жедел әрі жеңіл шешім қабылдауы уақытыңызды кезекте өткізбей, өз кәсібіңізге көбірек көңіл бөлуге жол ашады.

Bereke Bank клиенттерге өз бизнесін дамыту және кеңейтуге қажетті құралдарды ұсынуға тырысады. Жеке кәсіпкер үшін уақыт пен ыңғайлылық аса маңызды. Сондықтан банк процедураларды жеңілдетіп, бюрократияны азайтты.

Несие алуға қызығушылығыңыз оянып, қосымша кеңес қажет болса, 7744 нөміріне, банктің Call-орталығына хабарласа аласыз.

Талқылау