Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлерге арналған сын сағат сабақтары: қаржыны басқарудың онлайн түрі артуда

Қазақстандық бизнес пандемия белең алған кезеңде ішкі сенімін жоғалтпай, берік ұмтылыспен кедергілерге төтеп беріп алға жылжып келеді. Көптеген компаниялар өздерінің бизнес процестерін заман ағымына ыңғайлап іске қосты, тіпті одан өзіндік плюстерге ие болып жатыр. Әрине жаңа цифрлық технологияның белең алып, кеңінен ене бастауы бизнесмендер үшін үлкен көмек болғаны сөзсіз, қашықтан қызмет көрсету кімге де болса жаңалық болғанымен, оған барлығы жылдам бейімделуде.

атф

ЖК арналған ATFBusiness мобильді банкингі – осы айтылғандардың барлығының жарқын дәлелі, өйткені ол барлық жеке кәсіпкерлер үшін керемет ыңғайлы, онымен тек қашықтан жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар:

  • уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейсіз: оңай және тегін тіркелу, бизнес бойынша қаржыға тәулік бойы қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін шоттар мен бизнес-карталарды қашықтан ашу. Тіркелу үшін қолданбаны жүктейсіз, ЖСН және телефон нөміріңізді енгізесіз - басқасы автоматты түрде орындалады.

  • ешкімге тең келмейтін онлайн - көмекшіңіз: қолданушы енді шоттарын 24/7 режимінде кедергісіз, делдалсыз, токенсіз және флешкасыз басқара алады. Оның көмегімен аударымдар, төлемдер жасау, үзінділер мен анықтамалар алу, сонымен қатар шоттар бойынша басқа да көптеген операцияларды жасау өте оңай және бұдан былай олардың орындалуын үнемі бақылап отыратын боласыз.

  • қауіпсіздік талаптарына толықтай жауап береді: ATFBusiness-те сәйкестендіру үшін пайдаланушылар TouchID, FaceID, Fingerprint, PIN пайдаланады немесе логин және пароль арқылы кіреді. Қолданба барлық қажетті тексерулерден өткен және жоғары қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

Жетістікте шек жоқ, егер ол пайдаланушылардың позитивті тәжірибесімен бірге үнемі дамып отыруға негізделген цифрлық серивстер туралы болса тіпті әңгіме басқа! Міне бүгінгі таңда АТФБанк клиенттері үшін ATFBusiness-тегі жаңа опциялары қолжетімді болды, олар ұзаққа созылған карантин жағдайында бизнесіңізді басқаруды бұрынғыдан да ыңғайлы етеді. Әзірлеушілер оның қызмет аясын кеңейту бойынша бірқатар жұмыстар атқарды, енді:

  • Шоттар бойынша шетел валютасында ағымдағы және қосымша шоттарды қашықтан ашу, валюталарды стандартты және жеке бағам бойынша сатып алу және сату, шоттар бойынша қалдықтарды көру қолжетімді болды;

  • Теңге және валютадағы аударымдар бойынша егер қажет болса теңге және валютадағы банкішілік және банкаралық аударымдарды, SWIFT халықаралық аударымдарын пайдалануға болады;

  • Төлем карталары бойынша: оларды ұстаушыларға «барлық бағытта» жұмыс істейтін аударымдар пайдалы болады – ол Р2Р аударымдары, сонымен қатар өзіңнің бар шоттарың және карталарың арасындағы аударымдар, сондай-ақ АТФБанк карталары және басқа елдердегі банк карталары арасындағы аударымдар.

Енді клиенттер қолданба арқылы депозиттері мен кредиттері туралы толық ақпараттан хабардар болып отырады. ATFBusiness мобильді банкингі клиенттерінің талабын ескере отырып үздіксіз дамып отыратын жүйе, міне осы себептен де ол ЖК үшін ең үздік банкинг!

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр