Қасында анасы болған: Жамбыл облысында пойыз басып мерт болған 3 жасар қыздың оқиғасы
Қайғылы оқиға Жамбыл облысындағы Құмшағал станциясында болды. Үш жасар қыз жүк пойызының астына құлап мерт болды.

Қыз бала алған жарақатынан қайтыс болды. Хабар 24 телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде қыздың қасында анасы болған. Олар теміржол рельстерін кесіп өтіп, вагондардың астымен жүрмек болған. Осы кезде пойыз жүріп кетеді. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазір психологтар қайтыс болған қыздың анасымен жұмыс жасауда. Әйелдің тағы бір бала тәрбиелеп отырғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Қайғылы оқиға басқа пойыздардың жүру кестесіне әсер етпегені атап өтілді. "344-баптың 2-бөлігі" Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін 3 жасар қыз баланы пойыз басып кеткені хабарланған еді.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты