Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының төрағасы болып сайланды
Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты "Nur Otan" партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.", - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.
Бүгін партияның кезектен тыс XXI съезінде Мемлекет басшысы бірауыздан "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды.
Бұған дейін "Nur Otan" Төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды.
Тоқаевтың "Nur Otan" басшылығына сайлануымен не өзгеруі мүмкін: Сарапшы пікір білдірді
"Nur Otan" партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді мемлекет басшысы.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"