Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың тез сауығып кетуін тіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбевтың тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", - дейді Қасым Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен болатын.
Сонымен қатар, елімізде демалыс күндері карантин шаралары күшейтілетіні туралы жазғанбыз.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”