Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы баспаналы болады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы баспаналы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың баспанасы болады: Жаңа мемлекеттік бағдарлама құрылуда

"Елді алаңдататын өзекті мәселенің бірі баспана екені белгілі. Осы бағытта да ауқымды жұмыстар атқарылды. Үкімет алдына Елбасы ұсынған "Бақытты отбасы" бағдарламасының аясын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жандандыру міндеті қойылды. Соған сәйкес, биылдан бастап жыл сайын көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі", - деді "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, оның сөзінше, 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

"Осындай күрделі кезеңде халыққа көмек көрсетілмесе мемлекеттілігімізге сын емес пе?! Әрине, ақша таратып берумен ахуал түзелмейді. Дағдарыс жағдайында кешенді әрі жүйелі шаралар ұйымдастырған абзал. Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастыру керек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Әр өңірде инфрақұрылымдық және инженерлік жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары бар. Міне, жұмыссыз қалғандарды солардың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жұмылдырудамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан басқа, президент іскер азаматтарды қолдау мақсатында несиені қайтару мерзімі кейінге шегерілгенін атап өтті. 

"Уақытша қиындыққа тап болған 1,6 миллион кәсіпкердің несиесін қайтару мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шара іскер азаматтарды қолдау үшін қажет. Сондай-ақ, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының қаржысы 1 триллион теңгеге дейін көбейтілді. Бұл қаражат жаңа жобаларды қайта қаржыландыруға, жеңілдік шарттарымен несие беруге жұмсалады. Кәсіпкерлер үшін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мерзімі ұзартылды. Зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдері еңбекақы төлеу қорының міндетті төлемінен алты айға босатылды", - деді ол.

    

Талқылау
Пікір
Азен
07 Мам, 20 жыл - 00:14

Менің алты баласы бар, бір баласы бала кезден мүгедек ДЦП қазір 14 жаста маған үй керек ешқандай үйдің кезегінде жоқпын.

Макпал
06 Мам, 20 жыл - 13:58

Саламатсыздарма мен копбалалы анамын улкен баламнын мугедектиги бар неше жылдан бери квартирада турамын бир улкен комек болар еди уй алуга жардем берсе казир квартирага туру да киын себеби балаларын коп болса квартирага алмайды 

Гульшат
06 Мам, 20 жыл - 12:47

Я многодетная мама 7 ро детей2 ое из них инвалиды и я в том числе прошу мне помочь  с жильем

Амангул
05 Мам, 20 жыл - 18:39

Мен Көп балалы Анамын 2008 ден бери үй кезегинде турмын  Бирак менен кейін тұрғандар үй алып жатыр неликтен? Меним статусым жалғыз басты ана болғандықтан кезегим жай жылжиды екен бұл қаншалықты рас, бизде жалдамалы пәтерден шаршадык, бизгеде үй берилсе екен жогарыдагы башылардан отинип сурарым

05 Мам, 20 жыл - 13:16

Сәләмәтсыз ба. Менім ұлым 1 жасында мүгедек болды. Қазыр 18 жаста. 1 топ мүгедек. Баламның жағдайын өзім көтеріп отырмын. Әкесі қатыспайды. Үйіміз жоқ. Мен 2 жерде жұмыс атқарамын балам елмен қатар өмір сүрсін деп. Үйдің кезегінде 2011 жылдан бері тұрмыз, бірақ кезектің келуі жақын емес. Елбасымыз бен Президенттен өтініш бізге үйді берулеріңізді сұраймын. Құрметпен Мүгедек Анасы.  

Дәмегүл
05 Мам, 20 жыл - 09:48

Менің бес балам бар кішкентайым дцп квартирада жүрміз бізге де үй берсе екен Күйеуім казір жок

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр