Тоқаев Қырғызстан президентін Астана әуежайында қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысын Садыр Жапаровты елорда әуежайында күтіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан Halyk Bank" АҚ Visor International DMCC инвестициялық тобына кіретін сатып алушылар консорциумының пайдасына "Қазақстан Halyk Bank" ашық акционерлік қоғамы Қырғызстанның 100% акцияларын сату бойынша мәміленің аяқталғаныны туралы жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды