Halyk Bank-тің Қырғызстандағы еншілес ұйымын қазақстандық кәсіпкер Айдан Кәрібжанов сатып алды
"Қазақстан Halyk Bank" АҚ Visor International DMCC инвестициялық тобына кіретін сатып алушылар консорциумының пайдасына "Қазақстан Halyk Bank" ашық акционерлік қоғамы Қырғызстанның 100% акцияларын сату бойынша мәміленің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: forbes.kz
Visor тобы "Halyk Bank Қырғызстанды" тәуелсіз заңды тұлға ретінде сақтауды жоспарлап отыр және Қырғызстанда дамуын жалғастырады делінген.
Алайда транзакция сомасы хабарланбады.
Бұған дейін "Halyk Bank" Ресей мен Тәжікстандағы еншілес компанияларын сатқан.
Айта кетейік, Visor компаниясының негізгі иесі - кәсіпкер Айдан Кәрібжанов. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің 33-ші орнында.
Кәрібжановтың активтері 226 миллион долларға бағаланады. Visor арқылы кәсіпкер жел энергиясын өндіретін компанияларға иелік етеді.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған