Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты пікір білдірді

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінде Ақмола облыстық поляктар бірлестігінің басшысы Наталья Нагачевская балалар құқығы жөніндегі заң жобасындағы әлеуметтік желілерді бұғаттауға бағытталған өзгерістерді қолдап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әлеуметтік желі

Депутаттар балалар құқығы жөніндегі заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынған. Олар шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің Қазақстанда тіркеліп, өз өкілдіктерін ашуды сұраған болатын. Егер талап орындалмаса, әлеуметтік желілер бұғатталуы керек. Бұл балаларды кибербуллингтен қорғау үшін қажет дейді депутаттар. 

"Бұл заң әлеуметтік желілердің жұмысын реттеп, оларды Қазақстанда өкілеттігін ашуға міндеттейді. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен және депутаттардан ананың дауысын естіп, қолдау көрсетуін сұраймын", – деп мәлімдеді Нагачевская. 

Президент ғаламтордың тигізетін кері әсері жайлы оймен келісетінін айтты.

"Бұл ақпарат, бірінші кезекте, жастарды кері бағытқа бұрады. Бұған қарсы тұру үшін үкімет қана емес, қоғам болып жұмылуымыз керек. Әрине, аталмыш мәселеде үкімет шешім қабылдамаудан қашпауы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар президент "Біздің елдің тарихы" тикток-жобасын қолдайтынын да айтты

 

Талқылау