Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасақана өрт қою" нұсқасын жоққа шығармаймыз – Министр Қостанай облысындағы төтенше жағдай туралы айтты

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мамандардың өрттің шығуының бір себебі ретінде "қасақана өрт қою" нұсқасын жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол Қостанай облысында жұмыс істейтін жедел штабта өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Костанай пожар 3

Министрдің сөзінше, төтенше оқиға өртті абайсыз қолданудан да шығуы мүмкін. Тергеу органдары барлық ықтимал нұсқаларды тексеріп жатыр.
Қазір аймақтағы жағдай әлі де қиын, бірақ тұрақты. Өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ, дейді министр.

"Бұдан алдын да айтқанымдай, әртүрлі нұсқалар тексеріліп жатыр. Әзірге біз найзағайдың нәтижесінде пайда болған табиғи өрт нұсқасын жоққа шығарамыз. Ал қалған нұсқаларды, отты абайсызда қолданудан бастап қасақана жасалған өрт нұсқасын тексеріп жатырмыз. Ашық төбеден шыққан өрттер жоқ, Лесное елді мекенінің аумағында жер үсті өрттері орын алуда, тұрғын үйлерге таралу қаупін болдырмау үшін түнде сол жерде топты күшейтіп жатырмыз", – деп түсіндірді Юрий Ильин.

Еске салайық, 2 мың гектар аумақты алып жатқан орман өртін сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен бөлек тағы үш облыстың қызметі Қостанай облысына аттанды. Облыста қалыптасқан жағдайға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Өрт Озерный ауылына тарады. Экология министрлігінің мәліметінше, 50-ге жуық үй өртенген. 3 қыркүйек күні кешке қарай өрт аумағы 3 мың гектарға дейін өсіп, облыстағы елді мекендер көшіріліп жатқаны белгілі болды.

"ҚазАвтоЖол" 3 қыркүйек күні кешке жағдайдың жақсаруына байланысты жабылған жолдың ашылғанын хабарлады.

Алғашында болып жатқан оқиғалар барысында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртіне байланысты Қостанай облысына сапардан бас тартқысы келмейтінін айтқан, алайда кейін президенттің бұл оқиғаға байланысты облыстағы жедел штабқа баруды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Тіпті кейінірек Ақорда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілгенін, бірақ президент Тоқаев өртке байланысты Қостанай облысына баратынын мәлімдеді.

4 қыркүйек күні Қостанай облысындағы өрт кезінде 1936 жылы туған қарияның қаза тапқаны белгілі болды.

Бас прокуратура өртке байланысты үш қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қостанай облысындағы оқиғалар бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (Отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (Ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Halyq Bank өрт салдарынан үйсіз қалған отбасыларға 1 млн теңгеден берілетінін айтты

4 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Талқылау