Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы орман өрті Озерный ауылына жетті: Адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Қостанай облысындағы өрт Озерный ауылына жетті – 50 шақты үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Костанай пожар 3

“Озерный ауылында 50 үй өртеніп жатыр. Ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді”, - делінген сенбі күнгі тараған ақпаратта.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 300-ге жуық адам және 100-ден астам техника жұмылдырылған.

“Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е.Құтпанбаев орман өртін сөндіру бойынша тактикалық шешімдер қабылданатын штабта. Өрт мемлекеттік орман қорының 2 мың гектардан астам жерін шарпыған. Сағат 17.30-дағы жағдай бойынша өрттің алдыңғы бөлігі Новонежинка ауылына жақын маңда тоқтатылды", - деп түсіндірді экология министрлігі.

Еске салайық, 2 мың гектар аумақты алып жатқан орман өртін сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен бөлек тағы үш облыстың қызметі Қостанай облысына аттанды. Облыста қалыптасқан жағдайға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Талқылау