Тоқаев ірі өрт болып жатқанына қарамастан Қостанай облысына сапарын кейінгі қалдырмайды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі өрт болып жатқанына қарамастан Қостанай облысына сапарынан бас тартпайды, деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз қызметі Руслан Желдібай. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бұқаралық ақпарат құралдарынан "Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?", - деген сауалдар келіп жатыр.
Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады.
- Мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы: Тоқаев қандай мерзімге сайланбақ
- Тоқаевтың ұсынысынан кейін Конституция өзгертіле ме: Президент сайлауы қандай мерзімде өтпек
Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр”, - деп жазды Желдібай Facebook парақшасында.
Еске салайық, 2 мың гектар аумақты құрайтын орман өртін сөндіру үшін үш облыстың қызметі бірден Қостанай облысына аттанған.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"