Қостанай облысындағы өрт салдарынан үйсіз қалғандар банктен 1 миллион теңге алады
Қостанай облысындағы өрт салдарынан үйсіз қалған отбасыларға 1 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Halyq Bank-тің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хабарламаға сәйкес, үйсіз қалған отбасылардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі. Бұл үйді жалға алу, киім-кешек, азық-түлік пен өзге де қажетті тауарларды сатып алуда көмек болады.
Сонымен қатар банк басшылығы үйі өртеніп кеткен азаматтардың Halyq Bank-тегі несиелерін кешіру туралы шешім қабылдаған.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр өрт салдарынан баспанасыз қалғандарға жаңа үйлер салынатынын мәлімдеген еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген