AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша саламын деп ұлымнан айырылдым": Қазақстандықтар 37 млн долларға бес мың адамды алдап соққан алаяқты іздеп жүр

Қазақстандықтар 2018 жылы жұмыс істеп тұрған "Лидер" компаниясының басшысы мыңдаған адамды алдап соғып, адамдардан жиналған қаражатты алып қашқандығын айтып президентке үндеу жолдады. Айтуларынша, қаражаттарын көбейтіп беремін деп уәде еткен алаяқ кепілдік беріп, ақшаны қайтаратынын айтып, уақыт созған. Қазіргі уақытта Қазақстаннан қашып кеткен компания басшысын құқық қорғау органдары іздеуге құлықсыз, дейді зардап шеккендер. Мәселенің мән-жайын білу үшін Stan.kz тілшісі зардап шеккендермен тілдесті. 

Равилья Нухунова 2018 жылы Лидер компаниясына 3 млн теңге салған. Ауыр дертке шалдыққан ұлын емдеу үшін осындай қадамға барған ана компания басшысына сеніп қалғанын айтады.

"Бұл компания жайлы инвесторлардан естідім, олар табысын көбейтіп жатқанын көрген едім. Балам ауырып жүрген болатын. Қазақстанда емделмейтін дертке шалдықты. Бір жарым жастан асқан еді. Генетикалық ауру, жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылды. Бір препараттың өзі 150 мың доллар тұрады, шетелде емдейді. Сондықтан өзімнің көлігімді сатып ақша салдым. Оған дейін компанияның директорына кіріп, Рустамның өзіне бірнеше рет келіп жүрдім. Баламның дертке шалдыққанын, мүгедек екенін жеткіздім. Рустам маған өзі кепілгер боламын деп айтты. Қаражатыңызды аласыз, балаңыз аман-сау болады деп сендірді", - деп есіне алады әйел. 

Алаяқтың құрбанына айналған әйел адамдар өздері сенгіштігінің салдарынан осындай жағдайларға ұрынатынын түсінген. Алайда өз басынан өткен жағдайын былайша түсіндіреді:

"Рустаммен келіспей тұрып, менің су жаңа көлігімді біреу айдап кетті. Төрт жыл таксиші болып жүріп, мені асыраған көлік еді. Қуанышқа орай, бір аптаның ішінде ІІБ департаменті менің көлігімді тауып берді. Темір тұлпарым өзіме қайтып оралған соң, бұйырған шығар деп тәуекелге барайын дедім. 

Екі айдан соң балам өзін нашар сезінді. "Лидер" компаниясының офисіне барып, директормен сөйлеспек болдым. Ол жақтағы бас бухгалтер қыз менің айтқанымды құлағына ілген жоқ, қолымды есікке қысып тастады. "Нұрлы тау" бизнес орталығында орналасқан офисте күні-түні қонып, директорды күтіп жүрдім. Оған ақшамды көбейтіп бергендері қажет емес, тек жиған-тергенімді қайтаруларын сұрадым", - дейді ол.  

"Осы жағдайдан соң бір айдан кейін ұлым көз жұмды. Бір жыл бойы бізден күтуді өтінген видеолары мен де әлі сақтаулы. Барлық адам оған "құдайдай" сеніп жүрген. Оның отбасы Талғарда тұрып жатқандықтан, ешқандай ешбір күмән болған жоқ. Оның үш баласы бар. Қазір төртіншісі дүниеге келді. Ал ол болса іздестірілуде", - дейді ол. 

Айтуынша, зардап шеккендер, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне үндеу жолдағылары келеді. 

"37 млн долларға 5000 адамды алдап соқты. Қанша суицидке итермеледі, адамдар баспанасыз, үмітсіз қалды. Үлкен корпорацияда көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген едім, қазір енді көлігім жоқ, сондықтан жұмысым да жоқ", - дейді Равилья. 

Ақтөбе облысының тұрғыны Сандуғаш Төлебекова компанияға салған ақшасын қайтара алмай, әлі күнге дейін несиесін төлеп жүргенін айтады. 

"Проценттерін алған адамдарды өз көзімен көргендіктен "Лидер" компаниясына несие алдым, ақша салдым. Содан кейін компания жабылып қалды. Осы уақытқа дейін алған несиелерімді төлеп келе жатырмын. Жалғызбасты анамын, несие алу себебім баспана мәселесі. Ақшамды көбейтіп үй аламын деп үміттендім. ҚР бойынша 5000 салымшыға шыдаңыздар, қайтарамыз, ешкімге айтпаңыздар деп айтқан соң үндемей келдік. Тұрғанов Рустам Төлеуғазиевті тауып, 5000 адамға ақшаларын қайтарып беруін өтінемін", - дейді ол. 

Владимир Шевцов әу баста ақшасын биткоинға салғанын айтты. Басты мақсаты - үй мәселесін шешу еді, дейді.

"Лидер" компаниясына адал кәсіпті уәде еткендіктен ақша салған болатынмын. Биткоинға салу арқылы табыс табуға болады деп кепілдік берген соң балаларыма және өзіме тұрғын үй мәселесін шешу үшін 9 жарым миллион теңгені салдым. Біздің құқық қорғау органдарына үміттене отырып, біздің тоналған қаражатымызды қайтаруына көмектесуін сұраймын. Адамдарды бұлай алдауға болмайды, ол тым көп адамды алдап соқты", - дейді ол. 

"Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы" заң консультанттары палатасының мүшесі", заңгер  Ғалымжан Абдуайтов алаяқ жалғыз әрекет етпегеніне сенімді. 

"Тұрғанов қылмыстық әрекеттері салдарының шығын сомасы өте үлкен. Сондықтан бұл жерде бір ғана адам әрекет етті деу қисынсыз. Құқық қорғау органдары көп уақыт жоғалтты, бұл ретте оның сыбайластары осыны пайдаланып барлық құжаттарды жойған, ақпаратты білетін адамдар да қалмаған. Тұрғановқа ақша бүкіл Қазақстаннан түсіп отырған. 

Тұрғановты Қазақстанға әкелген жағдайда құқық қорғау органдарының дәйектемелері соттың үкімін шығаруға жететініне кім кепіл? Сонда Рүстем Тұрғанов біздің бүкіл құқыққорғау жүйемізден де қу болып тұрғаны ма? Осындай және басқа да қылмыстық істерді тергеуге осындай жүйені немесе тәсілді өзгерту керек пе?", - дейді ол.

Заңгердің айтуынша, қазір іс мүлде тоқтап тұр, құқық қорғау органдары тарапынан әрекеттер жасалып жатқан жоқ. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр