Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыға ауыстырылды

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардан Алматыға ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/meirzhach_tv/make_sakevich

БАҚ беттерінде Мейіржан Төребаевтың Павлодардан Алматыдағы минималды қауіпсіздік колониясына ауыстырылғаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті (ҚАЖ) вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауыстырылғанын растады.

“Алматы қаласындағы мекемеде ұстау лимиті ұлғаюына байланысты бірқатар сотталғандар, оның ішінде аталған адамдар тұрғылықты жеріне ауыстырылды”, – деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті.



Еске салайық, Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы бес жыл бас бостандығынан айырылды. Ал қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жыл арқалаған еді. 

Бұған дейін вайнердің әйелі Дана Есеева оның Алматыға ауысып, күндіз жұмыс істеп жүргенін айтты.

Талқылау