Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азаматтар жақсылап ойлануы керек: Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты (видео)

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов өзін банкрот деп жариялаған азаматтарды қандай салдар күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

банкрот

“Азаматтарға 5 жыл ішінде (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредит берілмейді. Сонымен қатар 7 жыл ішінде қайта банкроттыққа өтініш бере алмайды. Банкроттықтан кейін олардың қаржылық жағдайы үш жыл бойы тексеріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар қолданылмайды”, - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. 

Вице-министрдің сөзінше, банкроттық бұл - қара таңба. Сондықтан борышкер қарызды кешіру емес, соңғы қадам ретінде қарау керек. 

“7 жыл ішінде банкрот деген атақ борышкерлер тізілімінде тіркеліп тұрады. Басқа банк, ұйымдар бұл ақпаратты ала алады. 7 жылдан соң банкроттық мәртебесі өтсе де, азамат несие алатын болса банк тарапынан ол туралы мәлімет алынып, оң шешім қабылданбауы мүмкін. Сондықтан банкроттық соңғы тәсіл. Азаматтар өзін банкрот деп жарияламас бұрын, оның салдары мен шектеулері туралы ойланып, салмақты шешім қабылдауы керек”, - деді Ержан Біржанов. 

Талқылау