Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие қарызын өтемегендерді Қазақтаннан шығармауды доғару ұсынылды

Мәжіліс депутаттары уақытында төлемеген қарыздары бар мемлекет тұрғындарын шетелге шығармау туралы ережеден бас тартып, банктерге несиені төлей алмайтын қазақстандықтарға ақша беруді қатаңдату туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Көптеген банктер пайда табу мақсатында несиені қайтара алатын адамдар мен қайтара алмайтындарды ажыратпай, бәріне бірдей ақша береді. Бірақ кейіннен өздері қиналып, мемлекеттің көмегіне жүгініп жатады», - деді депутат Ирина Смирнова. 

Оның айтуынша, уақытында қарызын қайтармаған адамдарды шетелге жібермеу олардың құқығын ескермеу болып табылады. Бұған қоса депутат банк секілді заңды тұлғалар өздерінің қатесі үшін несие алушыларды кінәламау қажет екендігін айтты. Сонымен қатар ол банктердің қарызды қайтара алмайтын адамдарға несие беруде қатаң тәртіп орнату керектігін жеткізді. 

Егер Ұлттық банк әрбір банктің айтқанына көне берсе, ол ертең ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін дейді депутаттар. 

Бұл бастамаға қол қойған шенеуніктердің қатарында Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров, Владислав Косарев, Магеррам Магеррамов и Тұрғын Сыздықов бар.

Талқылау