Кәріз құдығына құлап кеткен: Қосшыда жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды
Қосшыда із-түзсіз жоғалған алты жасар баланың денесі кәріз құдығы (септиктен) табылды. Ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бала 26 тамыз күні жоғалып кеткен. Бала кешкі сағат жеті жарым шамасында аулаға ойнауға шығып кеткен. Кешкі сағат тоғыз жарымда уайымдаған әкесі құқық қорғау органдарынан көмек сұрап үлгерген.
Полицейлер хабарды ести сала бірден баланы іздеуге кіріскен. Өкінішке орай, бала септикке түсіп кеткен.
"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың мәйіті кәріз шұңқырынан (септиктен) табылды", – деп хабарлады полицейлер.
Қосша тұрғындары қайғылы жағдайдың алдын алу үшін септиктерді жабуды сұрайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"