Қарияның сұрағына келемеждеп жауап берген вице-министр сынға қалды (видео)
Шымкент тұрғынының сауалына жауап берген цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Цифрлық даму вице-министріне шымкенттік қария ұялы байланыс операторларының бағасы қымбаттап кеткенін айтып, осы мәселеге назар аударуды сұраған.
Сұраққа жауап берген вице-министр “ұялы байланыс операторларының тарифіне қатысты мәселені министрлік шешпейді” деп, даусын шығара күліп жауап берген.
-
"Әйеліңізбен ауыр әңгіме болады-ау": Цифрлық даму министрі премьер-министрдің көзінше үйленбек болды (видео)
Еске салсақ, бұған дейін де цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек Шымкентте қазақша мәтінді ежіктеп оқығаны үшін оңбай сынға қалған еді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ