Кәрім Мәсімовтің үйі аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өтпеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚК
Бұған электронды сауда алаңының сайтындағы деректер дәлел бола алады.
"Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында ешбір қатысушы бастапқы бағаны растамаған", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі сатылымға шыққанын хабарлаған едік. Оның құны 1,8 миллиард теңгеге бағаланған.
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады