Кәрім Мәсімов тергеу изоляторында ұстау шарттарына шағымданған жоқ – ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов тергеу изоляторында ұстау шарттарына шағымданбаған. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған Мәсімовтың денсаулық жағдайы күрт нашарлағаны және бостандыққа шығару керегі туралы ақпарат тараған еді.
"Мәсімов К.К. уақытша ұстау изоляторында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық-тұрмыстық және медицина-санитарлық тұрғыдан қамтылған. Қамауда ұстау шарттарына байланысты, соның ішінде медициналық қамтамасыз етуге шағымданған жоқ", - деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.
Айта кетейік, ҰҚК 8 қаңтарда Кәрім Мәсімовтың ұсталғаны туралы хабарлаған еді. Оған мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алмақ болды деген айыптар тағылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"