Кардиолог қай қан тобының иелері ұзақ өмір сүретінін айтты
Медицина ғылымдарының докторы, кардиолог Владимир Подхомутников "Доктор Питер" порталына берген сұхбатында қай қан тобының иелері тромбоздан аз зардап шегетінін және ұзақ өмір сүретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маманның айтуынша, бірінші қан тобындағылар арасында қанның нашар ұйығыштығына байланысты тромбоз және инфаркт жағдайлары сирек кездеседі.
"Бірінші қан тобы бар адамдарының арасында эмболия, тромбоз және миокард инфарктісі жағдайлары аз кездеседі. Бұл қан тобының иелері көп жағдайда ұзақ өмір сүреді", – деді профессор.
Алайда, егер адам қанның ұю жағдайлары дұрыс болмаса, бұл теріс рөл атқаруы мүмкін. Жақында жапон ғалымдары бірінші қан тобы бар адамдар дәл сол себепті ауыр жарақаттардан, қан кетуден өліп кетуі мүмкін екенін анықтады. Қан ұйып қалатын болса босану кезінде әйелдер үшін де қауіпті.
Талқылау