Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбызды нанмен бірге жеудің зияны анықталды

Қарбызды нанмен бірге жеудің зияны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sibnet.ru

Ресейдің мемлекеттік білім университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Ирина Лялина айтуынша, қазір бұл екі тағамды біріктірудің зиянды екені ғылыми дәлелденбеген, оларды бірге қолданғанда денсаулыққа зиян факторлар бар. 

Бірінші қауіп ас қорыту проблемаларына әкеледі. Ғалымның айтуынша, қарбызда көп мөлшерде су мен талшық бар, бұл заттар нан құрамындағы көмірсулармен араласқанда ісіну мен газды тудыруы мүмкін.


"Жылына 24 қорап темекі шеккенмен бірдей": Зерттеушілер Алматының ауасымен тыныс алу қаншалықты зиян екенін айтты


Тағы бір мәселе қарбыздағы қант пен нандағы күрделі көмірсулардың қосындысынан туындайды.

"Бұл қант диабеті, гипертония немесе атеросклерозбен ауыратын адамдар үшін қауіпті қандағы қант деңгейінің тез өсуіне әкелуі мүмкін. Мұндай аурулармен ауыратын кісілерге бір-екі дана ғана қарбыз жеуге болады", – деді Ирина Лялина.

Ғалым сау адамдардың көпшілігі үшін нан мен қарбызды бірге тұтыну күрделі мәселелерге әкелмейтінін атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін мамандардың қарбыз сатып алмауға кеңес бергені туралы жазған едік.

Талқылау