Қарашөкеев елде қант тапшы екенін тағы да жоққа шығарды
Ауыл шаруашылығы министрі елдегі қантқа байланысты жағдайды шиеленіскен деп атады. Алайда қант тапшылығы бар екенін жоққа шығарды. Ербол Қарашөкеев әдеттегідей елге қанттың тұрақты жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал өндірушілерде ешқандай мәселе болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Біз қазір 100 мың тонна қант квотасын бөлуді бастадық. Мұның жартысын өндірушілерге беру керек. Мәселен, сусын дайындау үшін экстра-қант керек, бұл жоғарғы сападағы қант. Зауытта өндірілетін қарапайым қант жарамайды. Кондитерлік зауыттар бұдан өздеріне қажетті көлемде қант ала алады", – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Ал қант бағасы бойынша сауалды Сауда министрлігі мен әкімдерге қоюға кеңес берді. Себебі қазір кей дүкендерде қанттың бір келісі 1 000 теңгеге дейін жеткен.
Елордада халықтың өзі дүрлігіп жатқанын айтып жатқанда, жағдайды алаяқтар пайдаланып кеткен. Жамбыл облысында ғаламтор арқылы қантты арзан бағамен сата бастаған. Тұтынушы алдын ала төлем жасағанымен, тауар қолына тимеген.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады