Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр ай: 2021 жылдың қарашасына арналған жұлдыз жорамал жарияланды

Қараша айының энергетикалық күш-қуаты басым, жайсыз, бұл кезең жайлылықтан шығатын уақыт. Сыртқы жағдайлардың күрделі екеніне қарамастан, билік, ықпал ету,  жеке мақсаттарға жету мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ай астрологиялық болжам бойынша, ауыр ай, күнделікті ауыр проблемаларды анықтайды. Көптеген адам өздерінің өсу деңгейін анықтайды, қоршаған ортаның өзгергенін түсінеді, осылайша өздері үшін пайдалы әрекеттерге басымдық береді.

Тоқты

Өзіңізді туыстарыңызбен, дәстүрмен, шығу тегіңізбен, ата-бабаңызмен салыстырып, олармен бірдей деңгейге шығуды қалауды тоқтату керек. Бұл үлкен проблема әкеледі. Мүмкіндіктерді бағалап, жаңа өмірдің шындығын қабылдаған жөн. Сол мақсатта өзіңіздің ең мықты тұстарыңызды пайдалану қажет. Бәсекелестердің белсенді бола түсетініне дайын болыңыз. Өмірдегі жағдайлар күнделікті тіршіліктегі қалыпты әрекеттерге өзгерістер енгізуді қажет етеді. Алдағы уақытта жетістіктің негізі тәжірибе, бұрыннан қалыптасқан қабілет, әлеуметтік деңгейдегі қарым-қатынас екенін қабылдасаңыз, өміріңіз одан әрі жақсара түседі.

Торпақ

Ай жаңа оқиғалар мен өзгерістерге толы болады. Қиындықтарды еңсеруге болашаққа деген нық сенім көмектеседі. Қандай жағдай болмасын, салмақты болыңыз. Алайда сыртқы қақтығыстарға, агрессивті бәсекеге дайын болу керек. Қарашада ең басты өмірлік сабақ –  басқа адамдарға сенім артуға үйренуде болмақ. Айдың тұтылуы өмірде көп нәрсеге көзқарасты өзгертуге әсерін тигізеді. 

Егіздер

Сіз үшін шын мәнінде ненің жағымды екенін түсінетін уақыт жетті. Бұл  – тәжірибенің маңызды екенін, жағымды, жағымсыз оқиғаларды сол қалыпта қабылдап, өмірге реалды көзқараспен қарайтын уақыт. Егер сіз өмірде алған тәжірибеңізді қабылдамасаңыз, үнемі оған қатысты кінәлау, қорқыныш, өкіну сезімдерін сезінсеңіз, онда сіз өмірдің қиын жағдайларына қайта-қайта кезіге бересіз, осылайша өткен өмірдің мәселелерін шешу қиындай түседі.



Шаян

Бұл кезеңде уайым көп. “Мен ешқашан бақытты болмаймын” деген сынды сезім пайда болуы мүмкін. Өзгелермен сезіміңізді неғұрлым ертерек бөліссеңіз, соғұрлым тезірек қолдау тауып, қиын жағдайдан өтесіз. Әрине, бәріне ашыла берудің қажеті жоқ. Жағдайды дұрыс бағалап, жеке өміріңіздегі өзгерістер жайлы ақпарат беріп отырған жөн.

Арыстан

Өз бетіңізбен шешім қабылдау басқалардың наразылығына әкеледі. Өзгелердің сізді сынауына дайын болыңыз. Кенеттен туындаған шаруалар себебінен туыстарымен, жақын адамдарымен қарым-қатынас нашарлайды. Осы кезеңде өзара әрекеттесудің негізгі принциптерін түсіну өте маңызды. Бұл өзіңізді қорғауға мүмкіндік береді.

Бикеш

Бір ай ішінде сіз өміріңізді өзгертіп, жаңа бағыттарға жол ашуыңыз қажет. Ол үшін үлкен күш, эмоцияны басқара алу керек. Сіз қиын таңдау алдында тұрсыз. Сырттан ешқандай кеңес, көмекке үміттенбей-ақ қойсаңыз болады. Осы айда күш те, энергия да бойыңызда болады. Достар бен мүдделестер пайдалы жобалар жасауды ұсынады. Ал тұлғалық даму бәрін өзіңіз шешкен кезде, сіз үшін не маңызды екенін түсінген кезде басталады. 

Таразы

Өміріңіз дағдарыс пен қиын сәттерге толы болса да, сізге материалдық қолдауды жан-жағыңыздағы адамдар береді. Қараша – қарым-қатынасты нығайтатын уақыт. Сондықтан оны серіктестермен маңызды әңгімелерге, некеге отыруға, құжаттарға қол қоюға пайдаланған жөн. 

Сарышаян

Көп адамды сіздің шекарадан шыға білу, жаңа деңгейде дамуға қабілетіңіз қызықтырады. Ақыл-ойыңыз қазіргі жағдайды толығымен өзгертуге, жаңа перспективалық ұсыныстар алуға көмектеседі. Әрдайым назарда болуға тырысыңыз. Бұл – сіздің жақын арада табысқа жетуіңіздің негізі. Иман, руханилық, философия, ұжымдық қызмет ұғымдарын қабылдау сіздің алдыңызда жаңа мүмкіндіктер ашады. Қараша сіз үшін шекарадан шығатын кезең.

Мерген

Қараша сіз үшін қолайлы ай, сондықтан қазір істеуге болатынын жоспарды кейінге қалдырмаңыз. Ерекше зияткерлік қабілеттер мансап бойынша дамуыңызға көмектеседі. Аяқ-асты өзгерістерге дайын болыңыз.  Қиындықтарды алдын алу үшін жағдайды әртүрлі жақтан қарастырыңыз. 

Тауешкі

Бұл ай сіз үшін оңай емес, сондықтан мақсаттарыңызға жақындай түскенде де қырағылықты жоғалтпауыңыз керек. Жеке және іскерлік қарым-қатынастардың халықаралық деңгейіне шығу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 

Суқұйғыш

Қараша сізге көптеген тосынсый әкеледі, бұл сіздің үйреншікті даму бағытыңызға сай болмауы мүмкін. Қиындықтарды дұрыс қабылдауды, бағалауды үйренесіз, содан кейін оларды еңсерудің тиімді стратегиясын әзірлейсіз. Ресурстарыңызды сақтауға тырысыңыз, ұсақ-түйектерге ысырап жасамаңыз.

Балықтар

Қажетті нәтижеге қол жеткізбес бұрын, әдеттегі өмір салтын құрбан етуге тура келеді. Табысқа жетуге болады, бірақ бәрі сіз ойлағандай бола бермейтінін мойындаңыз. Бұрыннан бері таныс адамдардың сөзіне, ісіне мән беріңіз, құлақ асыңыз. Алайда өз ерекшелігіңізді жоғалтпаңыз.

Талқылау