"Қарап тұра алмайды екенсің": Көк туды өрттен сақтаған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты
Түркістан облысында өртке оранған ғимараттың шатырына шығып, көк туды өрттен сақтап қалған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты. Қансейіт Мұхаммед - жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығының маманы. Ол көк тудың өртенуі мүмкін екенін көргенде қарап тұра алмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап.

Аяқтан ыстық тұрды. Бірақ бірінші мақсат туды алып қалу болды. Ешқандай жарақат алған жоқпын, Құдайға шүкір. Астында жедел жәрдем қызмет көрсетіп тұрды", – дейді Қансейіт Мұхаммед.
Қансейітті жергілікті жұрт батыр деп таныды. Ал ата-анасы жағдайды алғаш естігенде жігітке ұрысқанымен, қазіргі уақытта оны мақтан тұтып отырған көрінеді.
Айта кетейік, кеше Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты өртке оранды. Қызметкерлер мен сақталған құжаттар әзірге өзге орынға көшірілген.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"