Карантинде балаларға алаңқайда ойнауға рұқсат етіле ме? Бас санитар дәрігер жауап берді
5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін балалар аулада ойнай ала ма деген сұраққа Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береміз. Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаға кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сондай-ақ, ол карантиннің барлық шаралары вирустың адамнан адамға таралуының алдын алуға тізбекті үзуге бағытталып отырғандығын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Бас санитар дәрігер 14 күнге енгізілетінін жаңа карантин талаптарын мәлімдеді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді