Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин уақытында Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне ұры түсті

Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне ұры түсті. Бұл ақпаратты  Қайраттың өзі растады. Қазір бұл істі қалалық полиция қолға алған. 

Бұл туралы Қайрат 31 арнамен тікелей эфирге шыққанда мәлімдеді. 

Қайрат Нұртас карантин уақытында отбасымен бірге. Үнемі гастрольдік сапармен сыртта жүретін әнші қазіргі уақытын жақындары арнап жатыр. Балаларының қасында, жарының қасында отбасылық шаруаға ат салысып, уақытын өткізуде. 

"Үйде болған жақсы ғой. Балаларымның өскенін көріп жатырмын. Үйдегі бітпейтін тірлікті көріп жатырмын. Жұлдызбен бірге екі рет дүкенге азық-түлік алуға бардық. Үй шаруасымен Жұлдыз айналысады. Тазалықты жақсы көреді. Сондықтан мен айнлыса бермеймін, бірақ көмектесемін", - деді әнші. 

Айтуынша, жақын күндері әншінің ата-анасының үйіне ұры түскен. Алайда бәрі тыныш, бас аман.

"Ата-анамның үйіне ұры түскені рас, бірақ бәрі жақсы. Бастысы амандық. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын. Полицияға хабар бердік. Полиция істі тексеріп жатыр", - деді ол.

Ал, жары Жұлдыздың айтуынша, Қайрат өзіне үнемі қолдау көрсетеді. 

"Бұрын күйеуімен бірге дүкен аралайтындарға қарап қызығушы едім, бұл күнге де жеттік. Қайрат маған барлық кезде көп қолдау көрсетеді. Сондықтан Қайраттай адаммен тұру қиын деп айтпаймын. Көбіне үйде болмайды. Бірақ мен оның солай өскенін қалаймын. 10 жыл бойы үйде отырғаннан шаршаған емеспін, керісінше үй шаруасын жасап демаламын", - дейді әншіні жары. 

Қайрат та қиын жағдайда өз жұмысының қадірін түсінгендей.

"Бұрын ән айтудан, жол жүруден шаршауды едім. Қазір үйде жатып, соның бәрі асылық сөз екен. Бастысы тыныштық екен деп жатырмын. Енді қайта қалыпты өмірге келсек, 3 есе жұмыс істер едім деп ойлаймын. Еліміз тыныш болсын, амандықта жолығайық", - деді  әнші. 


Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова: Ресей Қайратты бізге беріңіз деп қомақты қаражат ұсынды

"Өсек жазатындарды журналист деп есептемеймін": Қайрат Нұртастың әйелі кімге өкпелі


 

Талқылау