Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Ресей Қайратты бізге беріңіз деп қомақты қаражат ұсынды

Гүлзира Айдарбекова ұлының неліктен шетелдік байқауларға қатысып бағын сынамағанын түсіндірді. Айтуынша, Ресейден де, Америкадан да Қайратты сұрап ұсыныс айтатындардың қатары көп. Дегенмен анасы ұлын жыраққа жібергісі жоқ.

«Әйтеуір, мін іздеу»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың дауыс жоқ дегендерге жауап берді

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова ұлын жер-көкке сыйғызбай мақтады. Шетелде байқауға қатысып, жүлделі орын алмаса да, шетелден келетін ұсыныстар көп екенін айтты. 

"Қайрат бұрын барлық байқауда бірінші орын алған. "Жекпе-жектен де, Саз әлемінен" де. Операторлар көбіне Қайраттың шеберлігіне таңғалады. Жанды дауыспен, не фонограммамен айтып жатқанын білмейміз дейді. Шетелге шықпаса да, елімізде жүріп-ақ шетелді таңғалдыруға болады. Қазір кез келген ресейлік әншілердің директорларына хабарласып Қайратты сұраса, бәрі таниды. Онымен ән айтуға да қарсы болмайды. Мені Қайрат үшін арнайы шақырғандар бар. Ресейдегі "Добрый вечер, Казахстан" атты бағдарламаның белді продюсері мені шақырып Қайратқа сүйсінгенін айтты. "Бұрындары қазақстандық әншілерді тыңдамайтынмын. Ал, Қайратты  даусынан ұнаттым. Даусын естіген соң ол туралы сұрастырдым. Интернетті ақтардым, видеоларын, әнін көрдім. Сосын дереу сізді шақырттым. Маған Қайратты беріңіз. Керемет әнші қылып шығарамыз. Танымалдығы Дима Биланнан кем түспейді деді. Бүкіл стилін, аранжировкасын, әнін бәрін өзгертеміз деді. Қаражатының 30 пайызын маған ұсынды", - деді продюсер. 

Алайда оған келісім бермепті. Себебі...

"Ресейліктер өз ұлтынан басқаны сыртқа тебеді. Кезінде Аврам Руссоны да қуған деп естідім. Біреулер тиіссе, қызғаныштан өлтіріп кетсе қайтемін деп қорықтым. Сондықтан алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала дегендей оған келісім бермедім", - деді Айдарбекова.

Продюсер ондай ұсыныстардың алыс шетелден де келетінін жасырмайды. 

"Америкадан Қайратты сұрағандар бар. Қайратты киноға түсіреміз деді. Бірақ оған де келіспедім. Әркімнің сүйікті ісі болады ғой. Қайратты шетерлге жіберіп алып, өзім не істеймін", - деді анасы.


Тағы оқыңыз:

"Таза жабайылық": Қайрат Нұртастың әйелі азақ-түлікті толтырып алып жатқандарға шүйлікті 

Қайрат Нұртас отбасымен ломбада билеп, жаңа челлендж бастады (видео)


 

Талқылау