Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таза жабайылық": Қайрат Нұртастың әйелі азақ-түлікті толтырып алып жатқандарға шүйлікті

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасында елде болып жатқан төтенше жағдайға қатысты өз пікірін жариялады. Азық-түлік дүкендерін талан-таражға салып, толтырып алып жатқан тұрғындардың ісін жабайылық деп біледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

кайрат нуртас

Үйінің ішін бір жылдық азық - түлік қорымен толтырып қойған тұрғынның желіде тараған видеосына Жұлдыз былай деп баға берді: 

"Видеодағы жағдай таза жабайылық дер едім. Азық-түлік сататын базарлар жұмыс істеп тұр", - деген ол дәл қазіргі қысыл-таяң уақытта жауапкершілікті болуға шақырды.

"Біздің буын және бізден кейінгі буын мұндай кезде қайтпек керегін білмейді. Себебі біз соғысты, ашаршылық пен нәубетті бастан өткермедік. Оған қарсы тұрар иммунитет жоқ. Ал орта және аға буын көрген зұлматтың дәмін ұмытпағандықтан сәл нәрседен сескенеді. Бірден реакция танытады. Меніңше қазір біздің қоғамда дәл осы екі эмоция қақтығысуда.
Бірақ екі буынға да ортақ бір-ақ нәрсе бар. Ол - жауапкершілік. Өз өміріңізге алаңдамасаңыз да, өзіңізбен бірге өзгені де ала кететініңізді естен шығармау керек. Сақтанбай, вирус жұқтырған сәтте, сіз бір емес бірнеше жүз, мың, миллион өмір үшін жауап бере аласыз ба?! Сіздің салғырттығыңыз үшін жазықсыз бала, қарт, жар, ана, әке, ата, сәби жапа шегеді. Сондықтан “Ой, саясат үшін ойлап тапқан жоқ нәрсе”, “Маған ешқашан жұқпайды”, “Мешіт - құдай үйі. Онда баруға тыйым жоқ” деген қыңыр әңгімелерді қысқарту керек. Ойынға айналдырып болған шығармыз. Тіпті Трамптың да сарказмына айналдық қой", - деген Жұлдыз ес жинайтын уақыт келгенін айтты. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Видеодағы жағдай таза жабайылық дер едім 👉Азық-түлік сататын базарлар жұмыс істеп тұр. ⠀ Біздің буын және бізден кейінгі буын мұндай кезде қайтпек керегін білмейді. Себебі біз соғысты, ашаршылық пен нәубетті бастан өткермедік. Оған қарсы тұрар иммунитет жоқ. Ал орта және аға буын көрген зұлматтың дәмін ұмытпағандықтан сәл нәрседен сескенеді. Бірден реакция танытады. Меніңше қазір біздің қоғамда дәл осы екі эмоция қақтығысуда. ⠀ Бірақ екі буынға да ортақ бір-ақ нәрсе бар. Ол - жауапкершілік. Өз өміріңізге алаңдамасаңыз да, өзіңізбен бірге өзгені де ала кететініңізді естен шығармау керек. Сақтанбай, вирус жұқтырған сәтте, сіз бір емес бірнеше жүз, мың, миллион өмір үшін жауап бере аласыз ба?! Сіздің салғырттығыңыз үшін жазықсыз бала, қарт, жар, ана, әке, ата, сәби жапа шегеді. Сондықтан “Ой, саясат үшін ойлап тапқан жоқ нәрсе”, “Маған ешқашан жұқпайды”, “Мешіт - құдай үйі. Онда баруға тыйым жоқ” деген қыңыр әңгімелерді қысқарту керек. Ойынға айналдырып болған шығармыз. Тіпті Трамптың да сарказмына айналдық қой. Болар енді. Естияр болайық. Өз өміріміз үшін жауапкершілік алайық. ⠀ Сөз соңында, кредит каникулы туралы қозғағым келеді. Мүмкіндігі барлар онлайн жұмыс істер, ал жұмыссыз қалғандар не істейді?! Ай сайын алқымнан алатын кредит бар, жалдамалы пәтері мен ішіп-жер тамағы бар. Осыған орай билік төтенше жағдай аяқталғанша халықты кредиттен каникулға жіберсе деген ойға қонымды өтінішті ескерсе🙏 “Бизнес газета”-ның ақпараты бойынша Чехия халқын 3 айға кредиттен босатыпты-мыс... #zhuldyzabdukarimova

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Сөз соңында, кредит каникулы туралы айтқан Абдукаримова жұмыссыз қалған адамдардың жайын ойлап алаңдайтынын жеткізді. 

"Мүмкіндігі барлар онлайн жұмыс істер, ал жұмыссыз қалғандар не істейді?! Ай сайын алқымнан алатын кредит бар, жалдамалы пәтері мен ішіп-жер тамағы бар. Осыған орай билік төтенше жағдай аяқталғанша халықты кредиттен каникулға жіберсе деген ойға қонымды өтінішті ескерсе...", - дейді Жұлдыз Абдукаримова. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды

Ол өзінің рұқсат қағазы бар екенін атап өтті

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ден асты

Тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Елімізде коронавирусты тіркеудің 629 жағдайы расталды

"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты

Ол анасының қартайып бара жатқанын көру қиынға соғатынын мойындады

Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды

Тағы 23 адамға айыппұл салынды

Маска кимей "Магнумға" кірмекші болған: Компания өкілі сатып алушымен төбелескен күзетшінің қылығын түсіндірді

Ірі супермаркеттер желісінің күзеті маскасыз кіргені үшін қала тұрғынына тап берген

Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелді

Ақмолада 19 адамнан вирус анықталды

"Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар": Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы

Режиссер: Мейрамбек аға өзге әншілер секілді емес, бәрін тез қабылдайды

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін айтты

Ғалымдар: БЦЖ екпесін тұрақты қолданатын елдерде коронавируспен ауыратындар аз

Алматыда 7 сәуірден бастап барлық өткізу қағаздары мен жол жүру анықтамалары жойылады

Карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электрондық дерекқоры құрылды
Çàãðóçêà...