Қарағандыда 3 жасар бала дүкендегі үстел үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойды
Үш жасар қыз бала қазір ауруханада жатыр, ата-анасы ойын орталығының үстінен полицияға шағым жазды.

Үш жасар бала ойын орталығында үстелдің үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойған, деп хабарлайды Sputnik.
Қарағандыда орталық әмбебап дүкендегі ойын орталығында ойнап жүрген үш жасар бала хлор ерітіндісін ішіп қояды. Қыздың ата-анасының айтуынша, “Белизнаны” ойын орталығының қызметкерлері балалардың үстелінде қалдырып кеткен.
“Бала бір стақан сұйықтықты ішеді де, қатты айғайлап жібереді. Оны бірден балалар ауруханасына жеткіздік. Қызымыздың тамағы мен тілі күйіп қалған”, — деді Sputnik Қазақстанға баланың әкесі.
Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр. Ата-анасы орталықтың үстінен полицияға шағым түсірді.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда кондуктор «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырып, бет-аузын көгертті
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”