Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа дерек: Қарағандыда бір тіс дәрігерінің кесірінен 2 бала қайтыс болған

Қарағандыда тісін емдетуге барып қайтыс болған баланың барған Tiny dent емханасы жабылатын болды. Оны қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріпов айтты.

Бұл туралы Sputnik Казахстан жазды.

Бұған дейін Tiny dent тіс емханасы дәрігерінің үстінен 2016 жылы 13 жасар қыздың өліміне қатысты іс қозғалған. Алайда, ол дәрігерлік лицензиясынан айырылмаған. Сәйкесінше, науқас қабылдауға құқығы болды.

Берік Шәріповтің айтуынша, әзірге дәрігердің кінәсі толық дәлелденбеген.

Денсаулық сақтау министрлігінде дәрігердің лицензиясынан айыруға немесе тоқтатуға заңнамалық мүмкіндік жоқ, себебі бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүктелген.

«Балаға наркоз берер кезде аллергияға қарсы тексерілмеген. Анафилактикалық шоктың негізгі себебі де аллергиялық сынақтан өтпеуі. Клиникалық хаттамаларға сәйкес дәрігерлер мұны орындауға міндетті», -деді Денсаулық сақтау төрағасы.

Еске сала кетейік, Қарағандыдағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 2 жасар бала қайтыс болған еді. Дәрігерлер баланың тісіндегі тісжегіні наркоздың көмегімен емдеуді ұйғарған. Алайда тамыр ішіне жіберілген анестезия салдарынан бала анафилаксиялық шок алып, көз жұмды.

Сонымен қатар, 2016 жылы дәл осы дәрігердің қолынан 13 жасар Жансая Омарова да қайтыс болды. Тек басқа емханада болған. Қыз 16 тісін жұлдырғысы келген. Ол да  анафилактикалық шок әсерінен қайтыс болған.

Тағы оқыңыз:

Елімізде оқушыларға үзіліс кезінде асық ойнауға кеңес берілді

Бар жанымен беріліп өлең оқыған қыз желіде жұлдыз болды (видео)

Өскеменде 2 жасар баланы аяусыз сабаған балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды

Алматы облысының тұрғыны: Интернат тәрбиешісі 11 жасар аурушаң ұлымның қасына жалаңаштанып төсекте жатқан

 

Талқылау