Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды

Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Онда 2 күн қатарынан тоқтамай жаңбыр жауды. Күндіз ауа температурасы төмендеп, түнде жел шығып, салқындады. Қала көшелері жаңбыр салдарынан көктайғақ орын алды.

Қарағанды-Астана тас жолында 20-ға жуық көлік қалаға қарай кіре алмай тұр. СМС – хабарамаларға қарамастан автокөлік жүргізушілері жолға шыққан. Алматы-Екатеринбург тас жолында да 100-ге дуық автокөлік ауа-райының жақсаруын күіп жатыр.

“Кешеден бері күтіп тұрмыз. Еш бір көлік кіргізілмеді, ешқайсысы шықпады. Хабарластық, ешкім ештеңе айта алмайды”, -дейді Сергей есімді жүргізуші.

“Алдымен қар, кейін жаңбыр, сосын мұз. Алға жібермейді, қауіп төнеді деп қорқады. Қазақстанда тұз да, топырақ та жоқ. Бұл жерге кеше кешке келдім, әлі тұрмын”, -дейді Жұма Шаріпов.

Көктайғақ әсерінен жол көлік апаты көбейіп кетті.

Қарағанды-Жайрем тас жолында аударылып, жолаушылар автобусындағы адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жапа шеккендер жоқ.

Көлік жүргізушілері оқиға орнынан видеолар жариялап жатыр. Облыс орталығында да жағдай жақсы емес. Қала көшелері түгелдей тайға мұз.

Дәрігерлер авариялық тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

“Ауыр жарақат алғандар саны күн санап артуда. Түрлі сынықтармен науқастар келіп түсуде”, – деді  Травматология хирургиялық қызметінің бастығы Махин Боранқұл.

Тағы оқыңыз:

Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады

Алты күнде безеуден арылған модель сұлулықтың құпиясымен бөлісті

Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы

Африкада «екіжүзді» мысық дүниеге келді (фото, видео)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау