Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық жас жұбайлар eGov-тың кесірінен неке қию рәсімін тоқтатуға мәжбүр болды

Қарағандылық жас жұбайлар "Азаматтарға арналған үкімет" порталының кесірінен неке қию рәсімін тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Александра мен оның болашақ күйеуі үйлену тойын бір жыл бойы шегеріп келген, пандемияның бітуін күткен. Алайда жұп некесін заңдастыруға шешім қабылдап, бір ай бұрын eGov сайтына өтініш берген. Оларға ХҚКО қызметкері көмектескен. Порталда тіркелу күні мен уақытын таңдау үшін күнтізбе көрсетілген. Жұп ыңғайлы күнді таңдап, тойға дайындықты бастаған. Мейрамханаға тапсырыс беріп, фотограф, шаштараз, визажистпен келіскен. Ата-аналары тойға қатысу үшін демалыс алған. Бірақ содан кейін eGov-тегі жеке кабинетте тіркеу таңдалған күннен бір апта бұрын жүргізілетіні туралы хабарлама келген.

"Макияж маманын, фотографтардың күнін ауыстыра алмадық. Бос емес. Барлығын алдын-ала жоспарлау керек, алдын-ала ақшаның бір бөлігін беру керек. Мұның бәрі менің ызамды келтіреді. Егер таңдау болмаса, адамға неге таңдау береді? Неліктен бұл туралы алдын-ала ескертілмейді", - деді қалыңдық Александра Багинская.

Халыққа қызмет көрсету орталығында жастарға облыстық АХАЖ-бен келісуге кеңес берді. Бірақ онда заң бойынша, неке өтініш бергеннен кейін тура бір айдан кейін тіркелетінін мәлімдеді. Ал сайттағы күнтізбе тек ерекше жағдайларға арналған. Мысалы, егер қалыңдық жүкті болса және уақыт аз қалса.

"Олар дәрігердің анықтамасын ұсынуы керек. Ал, біз осы күнді таңдау туралы eGov-қа түзету енгізуді  айтқанбыз, себебі заңнама бойынша мерзім - 1 ай. Бұл азаматтарды шатастырады", - деді Қазыбек би атындағы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Меңтай Сатыбалдина.

Аталған мәселенің өршіп тұрғанына бірнеше жыл болған. Наразы жұптар АХАЖ бөлімдеріне үнемі келіп, қызметкерлерге айқайлады. Сайтты әзірлеушілерге жолданған хаттар нәтиже бермейді.

Дегенмен Egov-ті әзірлеген компания бұл проблеманы шешуге уәде берді.

"Жылдың соңына дейін Әділет министрлігінің сұранысы бойынша тіркеу күнін таңдау мүмкіндігін алып тастау тұрғысынан осы қызметті оңтайландыру және өзгерту бойынша жұмыс жоспарланған", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасының бас маманы Меруерт Кабдушева.

"Егер 100 қонақ шақырылған үйлену тойы болса, бұл апат болар еді. Қазір шектеулерге байланысты ештеңе істей алмаймыз: не жиналмаймыз, не тойламаймыз, ештеңе де жасай алмаймыз. Бұл да отқа май құяды!", - деді Александра Багинская.

Александра мен оның сүйіктісі сайып келгенде тіркеуден де, үйлену тойынан да бас тартуға мәжбүр болды. Енді жастар үйлену тойын басқа күнге жоспарлауы керек. Ал олардың бұған дейін жұмсаған ақшаларын ешкім қайтарып бермейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр