Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ұрлап, кейін өлтіріп кеткен баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Қарағанды қаласында баласын өлтіріп кеткен ана сотта күдікті үшін өлім жазасын талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ника Васильеваның пробация қызметі қызметкерлерін де жазалауды да талап етуде. Себебі, қызметкерлердің осал қылығының кесірінен күдікті бостандықта өзін агрессивті ұстап, оны ұрған және қорқытып бопсалаған.

"Егер қызметкерлер өз ісіне жауапты болғанда, Сопыжанов бостандықта жүріп бұлай еркінсіп кетпес еді. Ол жұмысын тастап кетті, ал пробация қызметі оны қайта жұмысқа тұрғызудың амалын жасамаған. Сопыжанов мені ұрғанда, полицияға хабарластым. Бірақ оны ешкім ұстап әкетпеді. Маған келіп, арызды алмасаң таяқ жейсің деп қорқытты. Кейін баламды ұрлап кетіп, оған баруымды талап етті. Егер полиция сол кезде дұрыс әрекет етсе, маған ешкім қол көтермес еді, балам да тірі жүрер еді", - дейді Ника Васильева.

Оның сөзінше, соққы туралы арызды бірден тіркемеген, тек екі күн өткен соң ғана қабылдаған.

"Неге Сопыжанов күдікті бола тұра әрі бостандығы шектелгеніне қарамастан, үнемі тәртіп бұзған, ал оған пробация бөлімі мүлде мән бермеген. Оны жай ғана ұмытып кетті", - деді Ника Васильева.

Қазір Ника кіші ұлы Иванды өсіріп отыр. Оған анасы көмектеседі. Күйеуі жоқ.

Ника жазаның ең қатал түрі өлім жазасы туралы сот үкімі шыққанын қалайды. "Ондай адамдар біздің арамызда болмауы керек. Сот ең ауыр жаза - өлім жазасын береді деп үміттенемін", - дейді Ника.

Игентай Сопыжанов 3 жасар баланы алып қашып, Никадан келуін талап етіп, сөйлесуге шақырған. Олай болмаған күнде баласын өлтіремін деп қорқытқан. Алайда Ника соққы көруден қорқып, Сопыжановқа барудан бас тартады. Нәтижесінде 3 күн іздеу жұмыстары біткен соң, полиция қызметкерлері Бурма ауылының шетінде баланың өлі денесі табылған.

Бұған дейін Сопыжанов адам өлімі үшін сотты болған. 

Талқылау