Қарағандыдағы университеттің жатақханасында студенттер бір-бірін пышақтап тастаған
Қарағандыда университеттің жатақханасында студенттер бір-бірін пышақтап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кеше түнде Бөкетов атындағы университеттің жатақханасында студенттер арасында төбелес болып, соңы пышақталумен аяқталған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған екі жасөспірім медициналық мекемеге жатқызылды, ал шабуыл жасаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды.
"Қарағандыда 22 қазанда шамамен 2 сағат 40 минутта Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі студент түсті. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол араздық қарым-қатынас салдарынан өзіне пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта мән-жай анықталуда", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан